ҚАРАҒАНДЫ: ОБЛЫС ИМАМДАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Теміртау қаласында Қарағанды өңірі имамдарының кезектен тыс жиыны өтті.
 
Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының төрағалығымен өткен іс-шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Құмар Қоныскерей және қала, аудан имамдары қатысты.
 
Алқалы жиын барысында ҚМДБ-ның 2021 жылға арналған жеті жұмыс бағытын жандандыру, оңалту жұмысын жүйелендіру және жетілдіру, онлайн насихатқа көңіл бөлу, Ихсан іліміні кеңінен насихаттау, имамдардың әдебі сынды мәселелер сөз болды.
 
Бұдан бөлек бас имам өкілдікке қатысты онлайн уағыз-насихат жұмыстары бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін