Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МЕШІТТЕГІ АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫНА ДӘРІГЕРЛЕР ШАҚЫРЫЛДЫ (ФОТО)
25 мамыр, 2018 жыл 92 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай басталған Бас мешіттегі ауызашар дастарханына кеше Елордамыздағы дәрігерлер қауымы шақырылды.

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы жылы Бас мешіттегі ауызашар дастарханына күн сайын Астана қаласындағы түрлі қоғамдық ұйымдар (зағиптар, құлағы естімейтіндер, мүгедек жандар, т.б.) мүшелері және ұстаздар, дәрігерлер, тәртіп сақшылары арнайы шақырылып, берекелі дастархан қонағы болып келеді.

Кеше осы бастама аясында Бас мешіттегі ауызашар дастарханына Елордамыздағы ауруханаларда халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан ақ халатты абзал жандар қатысып, жамағатпен бірге ауыз ашып қайтты. Жалпы саны 50-ге жуық дәрігер бас қосқан берекелі дастархан басында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қанат Қыдырмин уағыз жүргізіп, айлардың сұлтаны болған Рамазан жайында маңызды мағлұматқа қанықтыра түсті. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары