Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Тұңғыш «Исламтану зерттеулері» ғылыми еңбектер сериясы оқырманға жол тартты
25 мамыр, 2018 жыл 338 Басып шығару нұсқасы

Еліміздегі исламтану ғылымының қара шаңырағына айналған Нұр-Мүбарак университетінің ғалымдары «Исламтану зерттеулері» сериясының алғашқы туындысын жарыққа шығарды. Жас болса да елге салмақты ғылыми туындыларымен танымал, исламтану саласы бойынша еліміздегі ең алғашқы PhD, доцент Қайрат Құрманбаевтың «Хусам ад-дин әс-Сығнақи еңбектеріндегі «Усул әл-фиқһ» ілімінің лингвистикалық негіздері» атты монографиялық еңбегі оқырманға жол тартты. Монографияда орта ғасырда қазақ даласынан шыққан құқықтанушы, лингвист ғалым Хусам ад-дин әс-Сығнақидің өмірі мен ғылыми мұрасы және оның еңбектеріндегі ислам құқығы негіздерінің араб лингвистикасымен арақатынасы зерттелген. Сондай-ақ ханафи мектебінің діни мәтіндерін құқықтық нормаларды айқындай методологиясындағы араб лингвистикасының маңызы талданады.

Кітаптың алғы сөзінде филол.ғ.д., профессор Шамшәдин Керім: «Осы монографиялық ғылыми еңбектің ізімен, қазақ даласынан шыққан ортағасырлық ғалымдардың ғылыми мұралары мен исламтанудың өзекті мәселелерін зерттеуге арналған докторлық диссертация негізінде жазылған ғылыми еңбектерді «Исла«тану зерттеулері» деген айдарға сериямен ұсыну жоспарлануда. Қалың оқырман назарына ұсынылатын бұл ғылыми еңбектер – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған жаңа бір жобаның үлгісі болмақ. Бұл жаңа серия арқылы отандық исламтану ілімі мен мектебін дамытуға септесу және ана тіліміздегі осы бағыттағы әдебиеттер қорын көбейту мақсаты көзделуде. Бұл еңбектің қазақ қоғамына, оның ішінде ғылым адамдары, исламтанушы, дінтанушыларға, тарихшы, тіл мамандарына, құқықтанушыларға, сондай-ақ білім  талап етуші жастарға берері мол деп сенеміз»,-деп пікірін білдіріп, қолдау танытқан.

Соңғы уақытта исламтану саласы бойынша қазақ даласынан шыққан ортағасырлық ғұламалар: Хусам ад-дин әс-Сығнақи, Қауам ад-дин әл-Итқани, Әбу-л Қасым әл-Фараби (Фарйаби) еңбектері елмен қайта қауыша бастады. Бұл араб тілі мен исламтану саласын жетік меңгерген, дін мен ғылымды қатар алып жүрген жас ғалымдар толқыны тарапынан ғылыми бағытта зерттеліп, жаңа ғылыми айналымға енуде. Яғни жаңа буынның ел болашағына қосар үлесі де мол деген сөз.

Ал «Исламтану зерттеулері» сериясының көшін бастаған PhD, доцент Қайрат Құрманбаевтың жаңа ғылыми монографиясы исламтанушы, дінтанушы, тарихшылар мен шығыстанушыларға, студенттер мен магистранттарға және мұсылмандық құқық негіздерінің араб лингвистикасымен байланысын зерттеушілерге арналған.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары