Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде «Оразаның құндылықтары» атты ауызашар ұйымдастырылды. Атылмыш ауызашар ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының басшысы және Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Бакирова Арай және Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Джакенова Бақытгүл ұстаздың бастамасымен ұйымдастырылды. Оған қасиетті Рамазан айында Алла разылығы үшін ораза тұтқан әйелдер қауымы қатысты. Ауызашарда Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің бас имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы қатысып, әйелдер жамағатына уағыз насихат айтып, батасын берді.
Пікірлер