Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Жаһандық кеңес төрағасы университетке арнайы ат басын тіреді!
24 мамыр, 2018 жыл 154 Басып шығару нұсқасы

Біріккен Араб Әмірліктерінің федералдық ұлттық кеңесінің депутаты, Толеранттылық пен бейбітшілік жөніндегі жаһандық кеңес төрағасы...

Біріккен Араб Әмірліктерінің федералдық ұлттық кеңесінің депутаты, Толеранттылық пен бейбітшілік жөніндегі жаһандық кеңес төрағасы Ахмед Мұхаммед  Әл-Джаруан Қазақстанға келген сапарында Нұр-Мүбарак университетіне арнайы ат басын тіреді. Құрметті қонақты университет ректоры, профессор Жуда Басюни арнайы қабылдап, оқу орны жайлы таныстырып өтті. Қабылдаудан кейін Ахмед Мұхаммед Әл-Джаруан университеттің ұстаздар ұжымымен кездесіп, сұхбат жүргізді:

  • Ислам – бейбітшілік діні. Сондықтан мұсылман баласы кез келген адам баласымен, оның дініне, ұлтына қарамай жақсы қарым-қатынас орнатуы тиіс. Осы мақсатта құрылған Жаһандық кеңес арнайы жүйе, жаңа жобалар мен бағдарламалар жасап жатыр. Әр елдің адамдарымен қарым-қатынас жасау жоспарда бар,-деді.

Сондай-ақ ректор, профессор Жуда Басюни бастаған мысырлық ғалымдарға шынайы лебізін білдірді: «Мысыр – араб елдері арасында ежелден үнемі алдыңғы орында келе жатқан мемлекет. Оған біздің аймақтан алыста орналасқан  осы қазақ еліндегі осындай ғажап оқу орнын ашып, шәкірт тәрбиелеп, ислам ғылымын дамытып жатқандығының өзі нақты дәлел. Сондықтан сіздерге алғысымыз шексіз»,- деді.

Кездесу соңында барлығы естелік суретке түсіп, университеттің бейнесі салынған сыйкәдесі табыс етілді. Ахмед Мұхаммед  Әл-Джаруан университет ұжымына алғыс жаудырып, болашақ жобалар жасауға ниеті барын жеткізді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары