Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Рамазандағы игі іс «Тегін такси» қызметімен жалғасуда
24 мамыр, 2018 жыл 196 Басып шығару нұсқасы

Биылғы Рамазан айында ораза тұтып, кешкілік мешіттегі тарауих намазына қатысушы қауым ерекше қайырымдылықтың куәсі болып жүр. Оларға «Сity» таксиі тегін қызмет көрсетуде. Жұртшылыққа жағдай жасауға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен, «Сity» фирмасының басшысы Мәди Қыздарқұловтың қолдауымен ұйытқы болып отыр.

Рамазан айында оқылатын тарауих намазы дін қызметкерлерінің уағыз-насихатымен басталып, түнгі сағат бір шамасында аяқталады. Осы мезгілде мешіт жамағатын тегін такси қызметі күтіп тұрады. Олар ешқандай ақы алмастан 6, 7, 9-шағынаудандары, Зашаған кенті, Қазақ ауылы тәрізді қаланың шеткері аудандарына дейін қатынайды.

«Сауапты амалға үлес қосып жатқанымызға қуаныштымыз. Қасиетті айда үлкен кісілердің батасын алудың өзі көңілге ерекше жылылық сыйлайды екен. Бұл біздің қызметтік тапсырмамыз болса да, көптің алғысын иелену үшін ерекше ынта танытамыз. Көлік салонында жайғасқанның барлығын Алла разылығы үшін үйлеріне жеткізіп саламыз, — дейді такси жүргізушілері.
«Түнгі ғибадатқа келген жандардың басым көпшілігі өз көліктерімен қайтады. Ал арнайы шығарылған тегін көліктерге негізінен зейнеткерлер мен студенттер отырамыз. Біз үшін өте тиімді болды. Мешітте отырған шақта көңілімізге көлік тоқтап қалды-ау деген алаң кірмейді. Иманды азаматтардың қамқорлығына сенім артамыз. Осындай бастама көтерген балаларыма Алланың мейірім-шапағаты жаусын деп тілеймін,-дейді мешіттен түнгі ғибадатын өтеп шыққан қала тұрғыны, орталық мешітінің тұрақты жамағаты Наурызбай Дәулетияров .

Жамағат үшін жасалып жатқан қолайлы жағдайлар аймағымыздағы діни тұрақтылыққа қосылған үлес болса керек. Рамазан айындағы қайырымдылық шаралардың ұрпақ бойына имандылық нұрын дарыта түсеріне сенім мол.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары