Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ОҚО: Жомарт жандардың зекеті үлестірілді
24 мамыр, 2018 жыл 140 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Оңтүстік Қазақстан облысы өкілдігі, «Зекет» корпоративтік қорының өкілі Айбек Азимбаев пен зекет өкілінің орынбасары Еркін Полатов имамдардың ұйымдастыруыменен ОҚО орталық мешітінде қайырымдылық іс-шара өтті. Шара барысында жағдайы төмен 20 отбасыға азық-түлік ретінде  көмек көрсетілді. Берілген заттарды атап айтсақ, 500 кг ұн, 50 кг макарон, 100 кг күріш, 50 литр пісте майы және асханаға керекті ұсақ-түйек заттар болды.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі қария жанға мүгедек арбасы табысталды. Қосымша онкологиялық және бауыр ауруына ұшыраған жандарға арнайы дәрілері алып берілді. Осындай игі де һәм сауапты шараға Есенгелді ата ұрпақтарының берген зекеті мұрындық болды. Көмек алған жандар ОҚО орталық мешітінің осындай шараларды ұйымдастырып, берілген зекеттерді қайырымдылық шараларға жұмсалып жатқанына рахметтерін айтып, өз ризалықтарын танытты.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары