Өкіл имам Төлеби Оспан қала мешіттеріндегі кезекті кешкі сұхбатын жүргізді. Кеше өкіл имам Жаңақоныс ауылдық «Бақытжан» мешітінің жамағатымен жүздесіп, тарауих намазы алдында тағылымды насихат айтты. Тарауихтағы Құран хатымының ретіне сай, «Әнғам» сүресі аяттарының мағынасына тоқталды. Меккелік сүре толығымен имандылық, ақида мәселелерін қамтиды. Оның ішінде, Алла Тағалаға иман ету, уахи мәселесі, пайғамбарлық және қайта тірілу мен есеп беру жайы кеңінен айтылады.
Өкіл имам жоғарыда аталған мәселерге тоқтала келе, сүре ішіндегі сүйінші хабарды жеткізді. Алланың бір жақсы амалға он сауап уәде ететіндігін тілге тиек етіп, жамағатты жақсы істерде жәрдемші болуға шақырды. Әсіресе, қасиетті Рамазан айында садақа беру, жоқ-жітікке көмектесудің сауабы мол деп түйіндеді.
Пікірлер