Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
08 қараша, 2016 жыл 211 Басып шығару нұсқасы

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 17 бұйрығымен Әлия Қайратқызы Ғалымова Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы  болып тағайындалды.

Әлия Ғалымова 1970 жылы Павлодарда туған. 1992 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін  әлеуметтік-саяси тәртіп оқытушысы  мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек өтілі: Қазақстан-герман техникалық бизнес-колледжінің оқытушысы (1992-1995); Павлодар мемлекеттік университетінің  оқытушысы (1995-2000); Еуразиялық университеттің оқытушысы (2000-2003); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі,  әлеуметтік-саяси бөлім меңгерушісінің  орынбасары (2003-2008); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2008-2010); Павлодар облысы әкімінің орынбасары (03.2010-02.2012); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы (02.2012-09.2015); «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары кеңесшісі ( 02.2016 ж. бастап тағайындалғанға дейін).  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары