Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Мәскеуде өткен халықаралық конференцияға Өскемен аймағының өкіл имамы қатысты
12 қазан, 2016 жыл 255 Басып шығару нұсқасы

Мәскеуде өткен «Дін лаңкестікке қарсы» атты халықаралық конференцияға Өскемен аймағының өкіл имамы қатысты.

Ресейдің Мәскеу қаласында Ресей Халықтар достығы университеті мен Ресейдегі Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен «Дін лаңкестікке қарсы» атты халықаралық конференция болып өтті. Шараға Қазақстанның Ресейдегі елшісі Марат Тәжин, Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің министрлік өкілдері мен дінтанушы ғалымдар, Ресей мүфтияты, Еуропа, Азия және Африканың дінбасшылары қатысты.Қазақстан мен Ресей Президенттерінің бастамасымен жүзеге  асырылған бұл жиында Елбасы сәлемхатын Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаев оқыды. Хатта Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық деңгейде қауіп тудырып отырған лаңкестікке жұмыла тойтарыс берудің жолдарын анықтау керектігін айтқан. Сондай-ақ бірқатар халықаралық бастама ұсынды. Сонымен қатар Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Дін лаңкестікке қарсы» конференциясы саясаткерлер мен діндарлардың диалог құруына серпін беретініне сенімін білдірді. Халықаралық ірі жиынға ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы арнайы қатысып, қатысушыларға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің арнайы ықылас, сәлемін жеткізді.Ол «Дінаралық диалог және дәстүрлі құндылықтардың экстремизм, терроризммен күрестегі рухани әлеуеті»тақырыбында баяндама жасап, аталған мәселеген терең талдау жасады. Ермек қажы Тасболтұлы өз баяндамасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының соңғы жылдары атқарып келе жатқан шараларын конференцияға қатысушыларға кеңінен таныстырып өтті. Діни басқарма жұмысының негізгі төрт бағытына тоқталды. Сонымен бірге Діни басқармадан жарияланған «Дін мен дәстүр жылы», «Дін және тарих тағылымы жылы» аясында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Жауыздық жасау, лаңкестік әрекеттің асыл дініміз исламда қатаң айыпталатындығын жеткізе отырып, ҚМДБ-ның лаңкестікке қарсы жүйелі түрде атқарылып келе жатқан шаралары туралы да айтып өтті. 

Конференцияда Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Марат Тәжин: «Бүгінде геосаяси жағдай діни факторға қатты әсер етеді. Ал діни ахуалдың әлемдік геосаясатқа тигізетін ықпалы зор. Бұл мәселені ұғынықты жеткізе білу маңызды. Қазір биік мінберлерден мұсылман елдеріндегі лаңкестік жайлы жиі айтамыз. Бірақ терроризм бір бөлек, ислам бір бөлек. Яғни, проблема өте ауқымды» деп атап өтті.

Әлемдік дәстүрлі дін өкілдерінің басы қосылған осы алқалы шарада лаңкестік зұлматымен бүкіл әлемдік қоғамдастық болып күресу қажеттігі сөз болып, терроризммен күрес мәселесі жан-жақты талқыланды. Шараға қатысушылар салиқалы ойлар айтып, салмақты ұсыныстар тастап, бір үстелдің басында сұхбат құрды.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары