Ақшам намазынан соң мешіт жамағатына «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) асыл бейнесі» тақырыбында сөз қозғаған Қабылбек Әліпбайұлының уағызы тыңдаушыларын тарих тереңіне сүңгітіп, адамзаттың ұстазы болған ұлы тұлғаның ғұмырынан ғибраттануға жетеледі.
«Әл-Ғани» мешітінің бас имамы қызметіне жақында тағайындалған Бағдат Абдукаримов жамағатқа алдағы уақытта кешкі уағыз жұмыстарының тұрақты түрде жүргізіліп отыратынын жеткізді. Мешіт мінберіне Астана қаласындағы білікті дін мамандары шақырылып, түрлі тақырыптар көтеріліп отыратыны мешіт жамағатының да ризашылығын тудырып, мерейін көтеріп тастады.
Бекітілген жоспар бойынша, «Әл-Ғани» мешітінің жамағатымен келесі аптада «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Асқар Мұқанов шақырылып отыр.
muslim.kz
Пікірлер