Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)
20 қыркүйек, 2016 жыл 225 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы жаңадан құрылған Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевпен кездесті.

Кездесуге, сонымен қатар ҚР Мәдениет және спорт вице министрі Марат Әзілханов, Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ҚМДБ Діни істер бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев және ҚМДБ Баспасөз бөлімінің басшысы Ағабек Қонарбайұлы қатысты.

Ресми кездесуде жастарға дұрыс діни ақпарат жеткізу, діни оқыту-ағарту жүйесін жетілдіру, имамдардың білімі мен тәжірибесін шыңдау, елімізде қалыптасқан дінаралық келісімді одан әрі нығайту, халыққа діннің адамгершілік, жалпыға бірдей мейірбандық құндылықтарын насихаттау, т.б. мәселелер жан-жақты талқыланды.

Министр Нұрлан Байұзақұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының еліміздегі дінаралық келісімді нығайтуға қосып жатқан үлесі үшін алғысын білдіріп, осы бағытта дін қызметкерлері тарапынан нәтижелі жұмыс жүргізіле беретініне сенім білдірді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары