Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ МЫСЫРЛЫҚ ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)
20 қыркүйек, 2016 жыл 219 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Мысырдан келген бір топ ұстаздарды қабылдады.

Мысыр мүфтияты мен ҚМДБ арасында жасалған келісім негізінде келген дін қызметкерлері Астана, Алматы, Көкшетау, Қарағанды қалаларында мешіттер мен медреселерде, қарилар орталығында Әбу Ханифа мәзһабы бойынша дәріс беріп, қызмет етпек.

«Қадірлі ұстаздар, Қазақстанға қош келіпсіздер! Алла Тағала қадамдарыңызға, жұмыстарыңызға береке нәсіп еткей! Қазір біз еліміздегі дін қызметкерлерінің діни білімі мен тәжірибесіне үлкен мән беріп отырмыз. Осы бағытта Сіздер де үлкен үлес қосады деген сенімдемін», – деп атап өтті Бас мүфти.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары