Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ДІНИ САУАТЫ МЫҚТЫ ЖАМАҒАТТАН ЖАМАНДЫҚ ШЫҚПАЙДЫ
16 наурыз, 2018 жыл 152 Басып шығару нұсқасы

Наиб мүфти Бауыржан Есмахан «Науан Хазірет» орталық мешітінде діни өкілдіктің қызметкерлерімен кездесіп, пікір алмасты. Жиналғандар алдында сөз сөйлеп, Мүфтияттың ұстанып отырған негізгі бағыттары жайлы кеңінен әңгіме қозғады. Жергілікті діни өкілдік төрт бағытта өрбитін тапсырмаларды тиянақты орындауы керек екендігін атап көрсетті.

Қазір діни сауат ашуға деген елдің ықыласы өте жоғары. Себебі, отбасында және білім ордаларында мұсылмандық имани тәрбие толықтай берілмейтіні еш жасырын емес. Сондықтан мешіттерге негізгі салмақ салынады. Бір жағынан, діни сауаты бар адам жат ағымға да жоламайды. Дінішілік ынтымақтың сақталуына да септігі тиеді. Бұл ретте әйел жамағатқа уағыз жұмысын жақсарту тапсырылды. Оны арнайы бағдарламамен жүзеге асыру қажет екені айтылды. Мешітке өз ынтасымен келетін адамдарға көбірек көңіл бөлінуі керек. 

Сонымен бірге, халал, қажылық және зекет мәселелері жөнінен де мәселе көтерілді. Кездесу барысында наиб мүфтиге сауалдар да қойылды, ұсыныстар да айтылды. Осылардың бәріне ол жан-жақты толымды жауаптар беріп, Мүфтияттың жаңаша жұмыс істеуге бет бұрғанын баса айтты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары