Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қыстай қомқорлық көрген қырық отбасы (ВИДЕО)
16 наурыз, 2018 жыл 145 Басып шығару нұсқасы

«Иман» мешітінің қызметкерлері Талдықорған қаласында тұратын 40 отбасыға көмір түсіріп, қажетті азық-түлігін әперген. Қазақтың ертеден келе жатқан көрісу, амал дәстүріне орай алдымен Қаншайым Ахметованың үйіне бас сұққандар кейуананы келе жатқан Жаңа жыл – Наурызбен құттықтап, сыйлық табыс етті. Жаңбыр күні күтпеген жерден келе қалған қонақтарының ізгі ниетіне разы болған 70 жастағы әжей қуаныштан көзіне жас алды. Алысқа ұзатылып, күйеуі қайтыс болған соң ата-анасының қарашаңырағына оралған Қаншайым апай өз кіндігінен баласының болмағанын жасыра алмады.

Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын! Жандарың жақсылық көрсін! Осы ауылдағы халықтың, көрші-қолаңның, мешіт жамағатының шапағатын көріп отырмын. Әсіресе, мешіттің имамдары шәкіртерімен ай аралатып келіп, есігімнің қарын аршып, қыстық отын-суымды дайындап бергеніне, тіпті жылы сөзі мен амандық сұраған сәлеміне басымды иіп, рахмет айтамын. Өсіп, өніңдер қарақтарым, – деген кейуана жүрегін тербеген ризашылығын жеткізді.

Еркін ауылында тұратын тағы бір қарт ана шешен ұлтының қызы Манжан Садаева балалар үйінде өсіп, өзін бағып алған отбасыдан жылылық тапқан. Қазір қос ауызды, қоржын тамды жалдап тұрады. Қаратал өзенінің жағасында жатқан Үйтас саяжайында тұратын көп балалы ана Индира Қарабаева 8 баласын жалғыз өзі өсіріп, тіршіліктің ауыртпалығын тартып келеді. Азық-түлік пен арнайы дайындалған Наурыз көже әкелген имамдардың ізгілікті ісіне разы болған көп балалы ана көзіндегі жасты жасыра алмай тау етегіндегі саяжайдың батпағына қарамастан жақсылық жасауға асыққан мешіт қызметкерлеріне ризашылығын жеткізді.

Өткен қаңтар айының қақаған аязы көптеген адамды қысып жіберді. Сол кезде тұрғындардың кейбірі мешітті жағалап, көмек сұрап келді. Солардың бәріне де біз қолымыздан келген көмекті аямадық. Алланың қалауымен 40 отбасыны қыстан аман-есен алып шықтық. Оларға қаладағы мешіттердің жанынан құрылған ерікті жастар тобы көмектесіп, жалғызілікті жандардың отынын жарып, суын кіргізді, қарын күреп, шарбағын көтеруге көмектесті, шатырын жамап, кірген судан құрғатты. Және осы отбасыларға қолдан келген көмегімізді бердік. Бұл бізге келіп, мұқтаждығын айтқандары ғана. Ал, қажеттілігін айтпай, қиналғанын жасырып жүрген қаншама адам бар?! Ондай жандарға көмек қолын созу керек. Ислам бізге осыны үйретеді, осыған үндейді, – деген Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Талдықорған өңірлік өкілі, орталық «Иман» мешітінің бас имамы Ардақ Оразбаев жасалған жақсылықтың есебін берді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары