Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Terra Nova» ЖШС мекемесіне «Халал» Сертификаты табысталды
25 тамыз, 2016 жыл 255 Басып шығару нұсқасы

«Terra Nova» ЖШС кәсіпорнының өнімдері халал талаптары бойынша тексерістен өтті. «Terra Nova» кәсіпорны нарықта танымал «Sinalco» атауымен шығатын сусындарды өндіруші зауыт болып табылады.

Өнімдерінің құрамында алкоголь анықталмады. Нақтылай айтқанда, сусын шығаратын кәсіпорындардың көбі Е 120 (Кошениль – қызғылт түс беретін жәндіктер) қоспасын жиі қолданады, ал, «Terra Nova» ЖШС кәсіпорнында бұл қоспа қолданылмайды. Пайдаланылатын бояғыш түрлері: бетакаротин, апокаротиналь (микробиологиялық текті саңырауқұлақтар), карамель (күйдірілген қант). Тұрақтандырғыштарға, қоюландырғыштарға өсімдік тектес және микробиологиялық  қоспалар түрлерін қолданады. Сулары ультракүлгін сәулелер арқылы өңдеуден өтеді. Әдетте кәсіпорындар суды сатылы фильтірлермен немесе белсендірілген көмірмен (өсімдік немесе жануар тектес жолмен алынады) тазартады. Мұндай жағдайда белсендірілген көмір қандай жолмен алынғандығы туралы сұрақ туындайды. «Terra Nova» кәсіпорнында су тазартуда белсендірілген көмір қолданылмайды. Қышқылдықты реттегіш ретінде лимон қышқылы (беті жануар тектес жолмен кристалдандырылуы мүмкін) қолданылады. ПТР зертханасында доңыздың ДНҚ-сын анықтау сараптама жұмыстары нәтижесінде өнім құрамында доңыз майының жоқ екендігі анықталды.

«Terra Nova» ЖШС кәсіпорнының «Sinalco» сусын өнімдері халал талаптарына сәйкес болуына байланысты, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал» Сертификатын табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш кәсіпорын Алматы облысы Қарасай ауданы Береке ауылында орналасқан.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары