Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Бас мүфти дін қызметкерлерін аттестациялау жұмысына қатысты
07 сәуір, 2016 жыл 528 Басып шығару нұсқасы
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Алматы қаласының дін қызметкерлері имамдар форумында қабылданған төрт құжат бойынша аттестациядан өтуде. Сараптау комиссиясының жұмысына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысты

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы игі шара барысында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының имамдардың білімін арттыруға аса мән беріп отырғанын айтты.

«Ислам діні – ғылым-білім діні. Ислам діні пайда болғалы мұсылмандарды ғылым-білімге шақырумен келеді. Діни басқарма осы бағытта елімізде діни білім беруді дамытудың тұжырымдамасын қабылдағанын жақсы білесіздер. Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни білім беру жүйесін қалыптастыру көзделген. Аттестациялау жұмысының мақсатыда дін қызметкерлерінің діни білім деңгейін анықтай отырып, сауатын жетілдіруге жағдай жасау, мүмкіндіктер туғызу», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Дін қызметкерлерін аттестациялау кезең-кезеңмен өтуде. Бірінші кезекте Алматы қаласының аудан мешіттерінің бас имамдарын аттестациядан өткізеді. Екінші кезекте қала мешіттерінің наиб имамдары мен азаншылар аттестацияланады.

Қала имамдары «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Имамның тұлғалық келбеті», «Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы қызметкерінің этикасы» төңірегінде сынақ тапсыруда. Билет бойынша келетін сұрақтарға дін қызметкерлері ауызша және жазбаша жауап береді. Сараптау дін қызметкерлерінің білімі мен біліктілігіне жан-жақты және әділ баға беру, сондай-ақ имамдардың білімін үздіксіз жетілдіру мақсатында өткізіліп отыр.

Сараптаудан қала бойынша 150 дін қызметкерлері сынақтан өтеді. Емтихан екі күнге жалғасады. Сараптау комиссиясының жұмысына Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанов, ҚМДБ дін істері бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев, Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет қатысуда.

ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары