Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚАДІР ТҮНІН ҚҰЛШЫЛЫҚПЕН ӨТКІЗГЕН АДАМ МОЛ САУАПҚА КЕНЕЛЕДІ – БАС МҮФТИ
01 шілде, 2016 жыл 265 Басып шығару нұсқасы

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

 Құрметті бауырлар!

Баршаларыңызды қасиетті Қадір түнін сауапты амалмен өткізуге шақырамын.

Алла Тағала былай дейді: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді» («Бақара» сүресі, 185-аят). 

Жаһанның жолбасшысы Мұхаммедке (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ардақты аяттардың түсірілуі осы айдағы қасиетті түндердің бірінде басталды. Ол түн мың айдан қадірлі – Қадір түні еді.

Он екі айдың сұлтаны – Рамазан берекелі ай болса, сол қасиетті айдың маңызын Қадір түні тіпті мәнді ете түседі. Алла Тағала айлардан – Рамазанды, күндерден – жұманы, түндерден Қадір түнін артық еткен.  Қасиетті Құран Кәрімнің «Қадір» сүресінде: «Қадір түні мың айдан қайырлы», – делінген. Бұл түнде періштелер жерге түседі.  

Қадір – қасиетті, берекелі түн. Сондықтан осы түнді барлық мұсылмандар құлшылықпен өткізіп, отбасының амандығын, елдің тыныштығын тілеп дұға жасайды. Қадір кешін құлшылықпен өткізген адам үлкен сауапқа кенеліп, екі дүниенің қуанышына бөленеді.

Алла Тағала бір ай бойы ұстаған оразаларымыз бен Қадір түнінде жасаған дұғаларымызды, тілектерімізді қабыл еткей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Әрбір отбасына бақыт, береке тілеймін!  

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, 

 Қазақстан мұсылмандары діни  

басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары