Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Әзірет Сұлтан» қызметкерлері мен еріктілер тобы экоакцияға атсалысты
22 шілде, 2019 жыл 21 Басып шығару нұсқасы

Ел астанасы Нұр-Cұлтан қаласында #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы аясында Қоянды су қоймасы маңын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. Аталмыш акцияға премьер министр Асқар Мамин, үлкен бастама көтерген Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған ел ағалары және 1 200-ден еріктілер қатысып, Қоянды су қоймасы 10 тоннадан астам қоқыстан тазартылды.

Аталмыш акцияға республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері мен «Рухани жастар» қанатының еріктілер тобы да қатысты. Нұр-Cұлтан қаласының бас имамы, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен құрылған «Рухани жастар» қанатының еріктілері бұған дейін бірнеше мәрте сенбілік жұмыстарын ұйымдастырып, қаладағы құлшылық ордаларына тазалық жұмыстарын өткізіп келген болатын. Бүгінгі экологиялық акцияға да еріктілер тобы түгелдей жұмыла атсалысып, сауапты іске өз үлестерін қосып қайтты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары