Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Атырау: "Иманғали" мешітінің командасы волейбол турнирінде топ жарды
16 шілде, 2019 жыл 101 Басып шығару нұсқасы

"Атырау, Жанашыр, Болашақ" қоғамдық ардагерлер волейбол клубының 20 жылдық мерей тойына жəне осы клубтың президенті Сергей Алпатановтың 70 жылдығына орай Атырауда волейболдан турнир өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында тартысты өткен бәсекеге орталық "Иманғали" мешітінен құралған арнайы команда да қатысып бақ сынасты. Ерекше айта кетерлігі, аталмыш турнирге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұров арнайы қатысып, әдемі ойын өрнегін көрсетті. Тартысты өткен бәсекеде "Иманғали" орталық мешіті бірінші орынды иеленді.


Екінші және үшінші орындарды "Биназар" командасы мен Атырау мұнай өңдеу зауытынан құралған команда өзара бөлісті. 


"Дініміздің спортқа көңіл бөлуінің негізгі мақсаты - тән саулығын сақтай отырып, рухани байлықты арттыру. Шыныққан адам шымыр болады",- деді Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары