Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алматы тұрғындарына экстремизм мен терроризм қаупі түсіндірілді
13 шілде, 2019 жыл 83 Басып шығару нұсқасы

Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасы мен ҚР лаңкестік және экстремизм  мәселелерін зерттеу орталығы Алматы қаласының  тұрғындарына діни қатынастар және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру заңнамалық нормаларын түсіндірді, деп жазады ҚазАқпарат.

Экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудың заңнамалық нормаларын халыққа түсіндіру жұмыстары базарлар мен ірі сауда орталықтарында жүргізілді. Атап айтсақ, Тастақ, Арыстан, Байсат, Ялян, Жібек жолы базарлары мен Мегатау сауда орталығында өтті.

«Алматы үлкен мегаполис, мұнда неше түрлі адамдар келеді. Халық  көп жүретін  жер — базарлар мен сауда орталықтары. Сондықтан, жоспарлы шарамызды  осы жерлерде  өткізуді ұйғардық. Халыққа экстремизм мен терроризм қаупін барынша  түсіндірдік. Жат ағымдағы адамдарға алданып қалмаудың жолын, діншіл және дінге сенбейтін адамдардың құқықтары туралы  айттық», — дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистрі Нұрлан Орынбеков.

Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасы мен ҚР лаңкестік және экстремизм  мәселелерін зерттеу орталығының  мамандары  тұрғындар мен қала қонақтарына экстремистік және лаңкестік әрекеттерге шақыратын аудио, бейне, мәтіндік материалдарды ғаламторға салып, әлеуметтік желілерде таратқан адамдар қылмыстық және әкімшілік  жауапкершілікке тартылатынын айтты. Сондай-ақ, экстремистік ағымдардың идеологиясына түсінік берді.


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары