Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымдылық мекемесінің өкілдерін қабылдады
11 шілде, 2019 жыл 190 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өздерінің өтініші бойынша «Жібек жолы қайырымдылық мекемелер қауымдастығының» өкілдерін қабылдады. Жиынға аталған мекеменің басшысы Ахметжан Омаров, орынбасары Оралбек Рахымбек, Халықаралық және ішкі істер жөніндегі кеңесшісі Мекежанов Балтабай және ҚМДБ Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев қатысты. Кездесу барысында шешімін таппаған бірнеше жайттар қаралды. Оның ішіндегі өзектісі қайырымдылық мекемелеріндегі діни білім беру мәселесі болып отыр. Өйткені аталған мекемелер Діни басқарманың рұқсатынсыз шариғат шеңберінде ілім үйретуге құқығы жоқ. Осы орайда «Жібек жолы қайырымдылық мекемелер қауымдастығы» муфтиятпен бірлесе діни білім беруді қолға алмақ. Сондай-ақ пансонаттарға жазғы және қысқы уақытта балаларды тасымалдау жағының қиын екені де айтылды. Кездесу барысында Діни басқарма өкілдері екі жақты келісім тек 1 жылға ғана жасалады деген мәмілеге тоқталды. Келісім шеңберінде екі тарап өз қалауынша ұзарта алады. Айта кетсек, бүгінде еліміз бойынша 2500-ден аса бала қайырымдылық пансионаттарында білім алып жатыр.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары