Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақтөбеде «Жүректен жүрекке» қайырымдылық шарасы өтті
03 шілде, 2019 жыл 94 Басып шығару нұсқасы

Ақтөбеде жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың баспаналы болуы үшін есепшот ашылып, ақша аударылды. Биыл бес мектеп түлегі университетте тегін оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде «Жүректен жүрекке» қайырымдылық шарасы өтті. Алдымен қалалық көркемсурет лицейі, қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі мен «Ақжелкен» аула клубы, балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық орталығындағы балалардың туындылары аукционға қойылды. Картиналар мен қолөнер туындылары 10-55 мың теңгеге сатылды. Барлығы 300 мың теңгеден астам ақша жиналып, бұл қаржы балаларға берілетін болды.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында ата-ананың қамторлығынсыз, жетім қалған 1600-ге жуық бала бар. Оның 436-сы қамқорлыққа алынды. Қамқорлыққа алынған балалардың 107-де мүлік бар. Өзгесі үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен есепшот ашылып, ай сайын ақша аударылып жатыр. «Ақтөбе қаласы бойынша ата-ана қамқорлығынсыз, жетім қалған 329 баланың банктегі есепшотына 38 миллион теңгеге жуық ақша жиналды. Таяуда «Қолқанат Ақтөбе» қорына компаниялардан ақша түсті. «СНПС - Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ы 13 миллион теңге аударып, 45 баланың есепшотына қаржы салды. Балалар мемлекеттік бағдармалардың арқасында баспаналы болып жатыр. Оқуы мен сауықтыру шарасы да бар. Дегенмен қарапайым азаматтар мен компаниялар өз үлесін қосып келеді», - деді қала әкімі Ілияс Испанов. Қайырымдылық шарасы кезінде мектеп оқушылары, колледж студенттеріне Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен есепшот ашылғаны мен 100 мың теңге салынғаны туралы сертификат табыс етілді. Ал балаларды қамқорлығына алған кәсіпкерлер мен кәсіпорындар Алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті ата-ана қамқорлығынсыз қалған 5 мектеп түлегіне арнайы грант табыс етті.

«Университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен бес түлекке грант табыс етіледі. Түлектер кез келген мамандықты таңдай алады», - деді университет ректоры Бауыржан Ердембеков.






Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары