Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Нұр-Мүбарак: Қасиетті Құранның екі тілде түсіндірмелі аудармасы жарық көрді
02 шілде, 2019 жыл 321 Басып шығару нұсқасы

Қазақ және орыс тіліндегі екі нұсқада  жарық көрген қасиетті Құранның түсіндірмелі аудармасы Нұр-Мүбарак баспасында әзірленді. Нұр-Мүбарак университетінің исламтанушы, PhD доктор ұстаздары Асқар Әкімханов пен Нұрлан Анарбаев қазақ тіліне, ал орыс тіліндегі нұсқасын университетттің қос исламтанушы-докторанты теолог Асқар Сабдин мен Бауыржан Әлиұлы, исламтанушы Ерген Самиев әзірледі. Білікті де білімді ғалымдар әзірлеген аударма ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің дінтану сараптамасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімінің діни сараптамасының оң қорытындысын алды.

Сондықтан қазіргі уақытта «Құранның қандай нұсқадағы аудармасын оқуға болады?» деген сауалға нақты әрі сенімді жауап ретінде Нұр-Мүбарак университетінің баспасынан шыққан Құран Кәрімнің түсіндірмелі аудармасын ұсына аламыз. Осыған дейін Құранның қазақ тілінде мағыналық аудармаларын Түркияда Халифа Алтай, Пекинде Ақыт қажыұлы Ғазез, Қазақстанда У.Қыдырханұлы т.б. секілді ғалымдар жасаған болатын. Жаңа еңбектің алғысөзінде аудармашылар «…Әрине мұның барлығы «Құран қазақшаға толық аударылып бітті» дегенді білдірмейді. Бұрынғы аудармаларды назарға ала отырып, тағы да Құранның тереңінен маржан сүзіп, астарын ақтарып, асыл мағынасын ашатын түсіндірмелі тәржімалар мен түсініктемелерге еліміз әлі де болса зәру…» деген.

Нұр-Мүбарак университетінің баспасынан әрқайсысы 1000-нан екі мың дана қоғамға сыйға тартылған Құран демеушілеріне көпшіліктің алғысы шексіз.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары