Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Павлодар: «Имани жаз» сауат ашу курсы аяқталды
02 шілде, 2019 жыл 128 Басып шығару нұсқасы

Павлодарда мектеп оқушыларының жазғы демалысы кезінде «Имани жаз» атты бір айлық курсы маусым айының соңғы күні аяқталды. Белсене қатысып, білім алған балаларға  өкіл имам  Жолдас Қоспақұлы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде салтанатты жағдайда арнайы  сертификат табыстады.

«Биыл сабаққа 40-тан астам жас өспірім ұл бала қатысты. Бір ай уақытқа созылған сауат ашу курсы өз мәресіне жетіп, Құран, дұға, намаз, сүре жаттап, әдептілік тәлім-тәрбие алып, руханияттың қалыптасу жолына түсті. «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Зекет» қоры және жақсылыққа жәрдем берген жомарт жандардың көмегімен «Мешіттен сыйлық» атты   түрлі оқу құралдарымен, ой өрісті дамытатын есептік тақтайшалар,  спорттық құрал жабдықтар, жас балаларға түрлі, қызықты ойыншықтар шәкірттерге сыйға берілді. Бұл үрдіс мешітімізде  жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын тауып келеді. Сабақ берген  ұстаздарға  ата-аналар алғысын айтты», -дейді мешіт ұстазы Ақжол Исабекұлы.

Ал ұстаз Ақерке Тұрғынбай: «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің "Имани жаз" атты курсында жасөспірім 53 қыз бала оқып, олардан сабақты үзбей белсене қатысқан 35-і арнайы сертификат алды. Балаларға  сертификаттармен қоса  сыйлықтар да берілді. Олардың ата-аналарына арналып рухани кеш өткізілді. Кеште Құран оқылды, салауат айтылды, діни өлеңдер айтылды. Исламның шарты, дәрет алу үлгісі, таяммум алу үлгісі, тамақтану үлгісі т. б. бейне роликтер де көрсетілді»,- деді. 

Сонымен қатар жуырда аталмыш курсты оқып жатқан шәкірттерді ұстаздарды облыстық Г.Потанин атындағы өлкетану мұражайына апарып оларға өлке тарихы, ата-бабаларының қол өнер шеберліктері, жан-жануарлар әлемі, аң құстарды  тамашалатып, тәрбиелік сағатын өткізгенін де атап өткен жөн.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары