Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Наурызбай Тағанұлы медресе ұстаздарын қабылдады (ФОТО)
01 шілде, 2019 жыл 158 Басып шығару нұсқасы

Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай Тағанұлы «Астана» медресе-колледжінің ұстаздарымен кездесу өткізді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Әл-Азһар университеті арасындағы келісімге сай «Астана» медресесінде ұстаздық қызмет атқарған Али Абдуссамиг Али Абдурахман мен Сайд Мухаммед Ахмед Мухаммедпен қоштасу рәсімін өткізіп, ізгі тілекпен шығарып салды.

Айта кетейік, қос ұстаз да «Астана» медресе-колледжінде үш жыл бойы Құран сабағы, араб тілі мен хадис пәндерін өткізіп келген болатын. Келісім мерзімі аяқталып, медреседегі шәкірттерін қимай қоштасқан қос ұстаз үш жыл бойғы ыстық ықыластары мен құрметтері үшін қазақ жұртына өз алғыстарын жеткізді. Кездесу соңында ұстаздарға арнайы естелік сыйлықтар табысталды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары