Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Павлодар: Өкіл имам журналистерге құрмет көрсетті
28 маусым, 2019 жыл 80 Басып шығару нұсқасы

Павлодар облысының өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы өңірлік БАҚ арқылы салмақты сөздерімен салиқалы пікірлері арқылы облыс жұртшылығына хақ дініміз жайлы сөздерімізді жеткізіп, маңызды міндеттерді шешуге зор үлес қосып келе жатқан журналистерді қабылдап, құрмет көрсетті. Дастархан басында «Ертіс», «Ирбис» телеарнасы, «Сарыарқа самалы» газеті, облыстық «Халық радиосы» және облыстық «Павлодарньюс» ақпараттық порталының тілшілері болды.

Өкіл имам: «Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп екендігін, әрі жекелеген адамдардың тағдыры да, қоғамның рухани ахуалы да адал, шынайы журналистік сөзге байланысты екенін жақсы түсінеміз. 

Қаламдарыңызға қасиетті тақырыптар ілінсін, ал сіздің әр сөзіңіз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын, қаламдарыңыз мұқалмасын, еңбектеріңіз жемісті, өмірлеріңіз келісті болсын. Шабытты шығармашылық мол табыс тілеймін. Жаратқан сізге жар болып, жаңалықтың жаршысы болып жүре беріңіздер!»,-деді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары