Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ұлттық ойындардан сайыс өтті (ФОТО)
27 маусым, 2019 жыл 140 Басып шығару нұсқасы

«Нұр Астана» мешітінде өтіп жатқан «Имани жаз – 2019» жазғы курсының қатысушылары ұлттық ойын түрлерінен сайысқа қатысты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Жылдағы дәстүр бойынша балалардың қызықты уақыт өткізуіне баса назар аударылуда. Курс аясында ұлттық ойын түрлерінен қатысушылар арасында сайыс өткізілуде. Атап айтар болсақ, тоғызқұмалақ, асық ату, шекемтас (бес тас) түрлерінен ұл-қыздар жас шамаларына қарай жарысқа түсті. Сайыс барысында Нұр-Сұлтан қаласы «Асық ойыны» федерациясының жаттықтырушысы Исламбеков Марат төрелік жасады.

Сонымен бірге шашка және шахмат ойындарынан да жарыстар ұйымдастырылды. Бірнеше күнге созылған сайыстың жеңімпаздары курс соңында марапатталады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары