Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ АПАТТАН ҚАЗА БОЛҒАН ЖАННЫҢ ЖАНАЗАСЫН ШЫҒАРДЫ (ФОТО)
26 маусым, 2019 жыл 64 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Арыстағы әскери бөлімде болған жарылыстан қаза тапқан азаматтың жаназасын шығарды.

Шымкент қаласындағы "Ақ мешіт" құлшылық үйінің ауласында өткен жаназа рəсіміне қала әкімі Ғабидолла Əбдірахымов, белгілі жазушы Мархабат Байғұт, мыңнан астам жамағат қатысты.

Бас мүфти азаматынан айырылған отбасына көңіл айтып, дұға жасады.

Жамағат алдында уағыз айтқан Серікбай қажы Ораз:

"Отбасының нəпақасын табу үшін жолға шығып, жан тапсырған адамның Алла алдында дəрежесі артады. Ажал мен төтенше жағдай төтеннен келетін нəрсе. Біз тағдырға тəн берген халықпыз. Алла бауырымызды мейіріміне бөлесін", - деді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы апаттан ажал құшқан азаматтың отбасына қаржылай көмек көрсетті. Сонымен қатар, ҚМДБ қызметкерлері Арыс тұрғындарына бір күндік жалақыларын аударды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары