Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ АУРУХАНАДАҒЫ АРЫС АЗАМАТТАРЫН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)
27 маусым, 2019 жыл 93 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Төрағасы Серікбай Ораз Шымкентке жеткен бойда, тіке облыстық ауруханаға тартты. Арыстықтардың қал-жайын сұрасып, аз-кем сұхбаттасты.

Бас Мүфти:

“- Бір ғана отбасыға емес, ұлтқа түскен сынақ болды. Аллаға шүкір, ауызбіршілік, ынтымағымыз бар екен, халық көтеріп те, бөлісіп те жатыр. Аман-есен айығып кетулеріңізге тілектеспіз. “Ауырып тұрдың – аунап тұрдың” деген бар. Әлі-ақ бәрі де ұмытылып кетеді. Бала-шағаларыңыздың, еліміздің несібесі үшін аман болыңыздар”,- деді.

Арыстағы жарылыс кезінде 165 адам жарақаттанған. Оның 15-і жансақтау бөлімінде жатса, тоғызының қалі нашар.

Денсаулық сақтау министрі науқастарға Алматыдағы ғылыми-медициналық орталықтан екі мобильдік топ көмекке келгенін мәлімдеген. Бәрінің жағдайы мемлекеттік бақылауда.

Бүгін мерт болғандардың саны үшеуге жетті. Алла Тағала алдарынан жарылқасын, отбасыларына сабыр берсін деп тілейміз.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары