Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Нұр-Мүбарак университетінің магистранттар соңғы сынақтарын сәтті аяқтады
26 маусым, 2019 жыл 67 Басып шығару нұсқасы

Биыл Нұр-Мүбарак университетінің дінтану және исламтану мамандықтары бойынша 30 магистрант тәмамдады. Осыған орай университетте мемлекеттік емтихандар мен диссертациялық қорғаулар аяқталды. Биылғы диссертациялық қорғаулар арасында қоғамда өзекті біршама жаңа ғылыми зерттеулер қосылды деуге болады. Тарихи тұлғалар, діни құндылықтар, олардың қоғаммен байланысы, т.б.

Мемлекеттік комиссия төрағасы PhD, доцент Ықтияр Палтөре бастаған ғалымдар тобы әрбір түлектің еңбегін мұқият талқылап, сүзгіден өткізіп тиісті бағаларын берді. Нұр-Мүбарак университетіндегі исламтанушылардың бір ерекшелігі, олар зерттеу жұмыстарын екі тілде қорғайды. Сондықтан мысырлық ғалымдар да болашақ магистранттарға өз бағаларын берді.

Осылайша биыл Нұр-Мүбарак университетіннен барлығы 30, яғни 16 исламтанушы және 14 дінтанушы магистр қоғамға қызмет етуге аттанды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары