Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Павлодар имамдары есеп берді
25 маусым, 2019 жыл 93 Басып шығару нұсқасы

Кеше Павлодар облыстық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінде қала және аудан бас имамдары өкіл имам алдында есеп берді. 

Жиынды ҚМДБ-ның Павлодар облысындағы өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы жүргізді. Жиында күн тәртібіндегі мәселелер қадағаланды. Қала, аудан имамдары өткен қасиетті рамазан айында атқарған жұмыстарының есебін арнайы слайдтар арқылы ұсынып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Бақылау-басқару, уағыз-насихат жұмыстары, діни ағартушылық саласы мен  теріс ағымдармен жұмыс, сауат ашу курстарын жан-жақты дамыту,  жат ағымдардың белсенді әрекеттеріне тосқауыл қою, олармен кешенді жұмыс жасау, «Еріктілер» тобының жұмысын пәрмендендіру, «Қайырымдылық жәрмеңкелерін»  ұйымдастырып тұру, «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі, «Нұр-Мүбарак» университетіне талапкерлер жіберу және «Зекет» қоры бойынша жүргізілген жұмыстарына мешіт имамдары жеке-жеке есеп берді. 

Өкіл имам  қала, аудан имамдарына  қатаң талап қоя отырып, жұмысқа деген құлшыныстарын арттыратын сөздер сөйледі, сондай-ақ, нақты тапсырмалар жүктеді.  Жиын үстінде  жат ағыммен күресу жұмысында нәтижелер көрсеткені үшін Екібастұз қалалық мешітінің наиб имамы Сәлменов Дидар қаржылай сыйлыққа ие болды.

Сонымен қатар алдағы уақытта кез-келген тапсырманың есебін уақытылы жіберу мәселесі қатаң ескертіліп, қала, аудан имамдары атқаратын жұмыс жоспары кеңінен пысықталды.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары