Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
АРЫС: ТҰРҒЫНДАР КӨШІРІЛІП, ТИІСТІ КӨМЕКТЕР КӨРСЕТІЛУДЕ
24 маусым, 2019 жыл 131 Басып шығару нұсқасы

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, ҚР Қорғаныс Министрі Нұрлан Ермекбаев және ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет төрағасы Владимир Беккер Арыс қаласындағы төтенше жағдайға қатысты Ордабасы ауданы, Ақжол ауылы, Жамбыл  мектебінде брифинг өткізді.

Олар халықты алаңдатқан сауалдарға жауап беріп, нақты мәліметтермен бөлісті. 

«Қазіргі таңда шұғыл шаралар қолға алдық. Жарылыс масштабын көрген соң, бірден тұрғындарды эвакуациялап, желдің бағытына қарай үш лагерь жасақтадық. Арыс қаласын сағат сайын аралап, кездескен тұрғындарды  құтқару операциясын жүргізудеміз», деді Ө. Шөкеев. 

Арыс қаласындағы жарылыстан өңірге радиациялық қауіп жоқ. Бөген суқоймасы тұрақты бақылауға алынғандықтан, су басу қатері бар деген ақпарат та қауесет екенін мәлімдейміз. Қазіргі таңда Арыс қаласындағы тәртіпті қадағалау үшін 345 полиция қызметкері жұмыс істесе, қосымша Ұлттық гвардияның 500 сарбазы көмекке келген.  Сондай-ақ оқиға орнында 75 арнайы көлік, 51 шұғыл жәрдем экипажы қызмет етуде. 105 автокөлік тұрғындарды эвакуациялауға жұмылдырылған.  

Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша ТЖД тарапынан 359 қызметкер, 40 бірлік арнайы техника жұмыс істеуде. Тұрғындардың негізгі бөлігі қаланы өз аяғымен тастап шыққан. Соңғы сағатта 1616 адам елдімекеннен көшірілді.  Ордабасы ауданы, Төреарық ауылындағы Тәукехан мектебінде эвакуацияда отбасынан көз жазып қалған балалар жиналуда. Олардың фотосуреттері Түркістан облысының ресми парақшасында жарияланады.  Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер саны – 31. Ауыр жарақат салдарынан 1 адам қайтыс болды. Бұл мәлімет әлі де нақтылану үстінде. 

Арыстан Шымкентке эвакуацияланатындарды осы адрестерге әкеледі

Жамбыл атындағы №26 мектеп гимназиясы, Зерделі көшесі 1б, тел: 31-80-80;
2. Б.Саттарханов атындаығы дарынды балалар спорт мектеп-интернаты,Алпысбаев көшесі 116, тел: 44-47-73, 44-47-72;
3. Мемлекеттік мекеме «Саңырау балалар мектеп-интернаты», Аманжол көшесі 63, тел: 21-43-08;
4. Кенесары Қасымұлы атындағы №33 орта мектеп Д.Қурманбекова көшесі н/ү, тел: 44-47-71;
5. А. Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназия, Мангельдин көшесі 41, тел:21-33-29, 35-52-18;
6. №55 орта мектеп, Тұрлан шағын ауданы, Школьный өткелі н/ү, тел: 53-39-16,53-36-29;
7. №66 орта мектеп, Қазығұрт шағын ауданы, Оңдасынов көшесі н/ү, тел: 50-10-01,40-12-88;
8. Хамза атындағы №53 жалпы орта мектеп, Қызыл-Жар шағын ауданы,Гагарин көшесі н/ү, тел: 45-37-95, 45-31-29;
9. №54 жалыпы орта мектеп, Ынтымақ шағын ауданы,Түркістан көшесі н/ү, тел: 45-62-86, 45-61-58;
10. №60 орта мектеп, Жиделі шағын ауданы, тел: 45-51-07;
11. №61 жалпы орта мектеп, Ақтас 1 шағын ауданы, тел: 28-30-75;
12. Көбеев атындағы №56 орта мектеп, Қатын-көпір шағын ауданы, Гафур Гулам көшесі 37, тел: 55-32-22, 
13. А. Назарбеков атындағы №87 жалпы орта мектеп, Самал-3 шағын ауданы, Арғынбекова көшесі 20-23А;
14. №118 «Көкбұлақ» жалпы орта мектебі, Шымкент қаласы П.Тұрдалы көшесі н/ү, тел: 28-43-39;
15. «Индустриялды-техникалық колледжі» МКҚК Шымкент қаласы Ю. Гагарин көшесі №121 үй, тел: 35-08-84;

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары