Жастар жылында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Дала семинары» жобасына қатысушылар Төр Алтайдағы ежелгі Түркі қағанатының орталығы болған әйгілі Берел қорғанына барып қайтты.
Еліміздің барлық аймағынан келген жастар Берелдегі ашық аспан астындағы мұражайды көріп, ежелгі түркі мәдениетінің жауһарымен танысты.
«Алған әсеріміз ерекше. Әйгілі Берел қорғанын көзбен көрудің өзі айрықша әсерлі екен. Мұнда біздің қаншама ғасырлық тарихымыз жатыр. Бұл сапар біздің тарихи түсінігімізді кеңейте түсті»,- дейді жобаға қатысушы жастар.
Қатысушылар сонымен қатар «Рахман қайнары» арасанында болып, әсем Алтайдың көрікті табиғатын тамашалады.
«Осы жоба арқылы Шығыс Қазақстанның әсем табиғатын насихаттап, ел мен жер тарихын терең зерделеп, туристік бағытты дамытуға да назар аударылды»-, дейді шараны ұйымдастырушылар.
Пікірлер