Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Тараз: ҚМДБ «Халал Даму» ұйымының мамандары әйелдер жамағатына семинар жүргізді
21 маусым, 2019 жыл 187 Басып шығару нұсқасы

«Һибатулла Тарази» мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторы жетекшілігімен өтіп жатқан сауат ашу курсында білім алушы шәкірттер мен әйелдер жамағаты «Халал – тіршілік өзегі» семинарына қатысты. Аталған оқу-семинарын арнайы Нұр-сұлтан қаласынан ат артып келген ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС ұйымының сарапшы-технолог маманы Арайгүл Бақытқызы мен технолог Еркетаң Максутова жүргізді.

Жиынды Алланың атымен, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтып бастаған мамандар алдымен халал өнімнің маңызы, адамның жегені рухына әсер ететіні жайлы сөз сөйлеп, хадистерден мысалдар келтіріп өтті. «Күнделікті тұтынып жүрген өнімдердің құрамындағы күмәнді қоспалардың құрамын қалай анықтауға болады?» тақырыбында нақты әрі тың мағұлматтар берген жиында бейне-слайд ұсынылып, «Халал Даму» ұйымының жұмысы, халал өнімдерді анықтау әдісі, жұмыс техникасы тілге тиек болды. Сонымен қатар балалардың көп тұтынанын тағамдары кәмпит, шоколад, мармелад құрамдары, Е белгісі сынды таңбалардың мағынасы, ұн өнімдері, дәрі-дәрмек құрамы, спирт пен арақтың айырмашылығы жалпы бала тәрбиесі мен үй шаруасына жауапты әйел затына қажетті барлық мәліметтер дәлелмен нақтылай айтылды.

Сарапшылар: «ГМО, желатин қосылған өнімдерден абай болыңыздар, олар халал стандартына сәйкес келмейді. Дәрі-дәрмек сатып алғанда да оның құрамына аса зер салу қажет. Өйткені, кейбір дәрілерде шошқа майы кездеседі, - деп мысалдар келтіріп өтті.  

Жамағат сұрақтарына жауап тауып, Қазақстандағы «Халал» сертификатына ие болған өндірістердің тізімін алды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары