Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ ДӘУЛЕТ ТҰРЛЫХАНОВҚА КӨҢІЛ АЙТТЫ
18 маусым, 2019 жыл 3 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз грек-рим күресінен әлем және еуропа чемпионы, олимпиада ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері Дәулет Тұрлыхановқа анасы Марзия Айтбайқызының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Батыр ана, ұлағатты ұстаз, аяулы анаңыз Тұрлыxанова Марзия Айтбайқызының қайтыс болғаны туралы қаралы хабар менің де қабырғамды қайыстырды.
Сізге, отбасыңызға өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан қайғыңызға ортақтаса отырып, көңіл айтамын.
Алла Тағала қазаның артын қайырлы еткей. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болғай. Әмин», – делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары