Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚМДБ Пәтуа бөлімінің басшысы Тараз жамағатымен кездесті
17 маусым, 2019 жыл 75 Басып шығару нұсқасы

Жамбыл облысының рухани жүрегі болған орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің жамағаты тағы бір белгілі дінтанушымен жүздесіп, насихат тыңдады. 

Тараз шаһарына арнайы келген ҚМДБ Пәтуа бөлімінің басшысы Сансызбай Құрбанұлы көпшілікке "Уақыттың қадірі" турасында уағыз айтты.

Алланың берген уақыты - нығмет. Осы бір сыйды орынды пайдаланып, қамшының сабындай қысқа өмірді сауапты өткізудің қыр-сырлары сөз болған жиын жамағатқа терең ой салды. 

Сауалдарын ағынан жарылып, ертеңгі күннің уайымын ойлай жолдаған тұрғындар дәйекті мағұлматтар алды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары