Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Павлодар: «Имам-иман айнасы» тақырыбындағы келелі жиын
13 маусым, 2019 жыл 19 Басып шығару нұсқасы

Павлодар облысы бойынша өкіл имамы, «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің бас имамы Жолдас Қоспақұлы облыс, қала, аудан, ауыл имам-молдаларының басын қосып «Имам-иман айнасы» тақырыбында алқалы жиын өткізді. Жиынға ҚМДБ-ның Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Есмағанбет Нұрбек Әуесханұлы арнайы келіп қатысты. Сонымен қатар облыстық діни істер басқармасының басшысы  Закарьянов Дәулет Қоқанұлы қатысып өңірдегі қазіргі діни ахуал туралы қысқаша таныстырып, имамдардан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Келесіде сөз кезегін алған Нұрбек Әуесханұлы Павлодарлық қала, аудан, ауыл мешітінің барлық дін қызметшілері түгелдей бас қосқан келелі жиында ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Серікбай Сатыбалдыұлы хазіреттің тапсырмасын ортаға салып, дін қызметкерінің этикасы мен әдебі, жауапкершілігі жайлы, жұмыс барысында кездесетін өрескел әрекеттердің себебі мен салдарын талқылады. Сонымен ҚМДБ-нан бекітілген төрт құжаттың бірі «Имамның тұлғалық келбеті» және «ҚМДБ қызметкерінің этикасы» тәлімдік анықтамалығы аясында дін қызметкерлерінің міндеттері мен қызметтеріне және де қоғамдық ортадағы бейнесі мен дінді көркем насихаттау шеберлігіне қатысты талаптар мен ережелерді толығымен ашып түсіндірді.

Ал өкіл имам Жолдас Қоспақұлы өз кезегінде қала, аудан, ауыл имамдарына имамдық қызметтің жауапкершілігі, өткен Рамазан айы қарсаңында атқарылған келелі істер,  мешіт тазалығы, сабақтар мен дәрістердің өткізілуі, имам этикасы және т.б. өзекті мәселелерге қатысты бірқатар ескертулер жасап, тапсырмалар берді. Сонымен қатар, «Жастар ісі», «Әйелдер-қыздар» секторларының жұмыстары пысықталып, ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының «Ел үлесі пәтерге» жобасының мақсаты мен қызметі, «Еріктілер» қозғалысын өрістету тағы басқа көптеген іс-шаралар туралы таныстырылды.

Соңында бір пәтуаға ұйысқан имамдар мен дін қызметшілері алда атқарар ауқымы кең ізгі істеріне сәттілік тілеген  бата жасап тарқады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары