Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Нұр-Мүбарак: Дайындық курстар ұстаздарына семинар басталды
13 маусым, 2019 жыл 87 Басып шығару нұсқасы

"Сіздер ата-бабаларыңыздың жолын жаңғыртуларыңыз қажет. Ислам ғылымында қазақ даласынан шыққан ғұламалардың алатын орны ерекше. Біз олардың араб тілінде жазылған еңбектерін оқып, пайдаландық. Енді қазақ даласы сондай телегей мүмкіндіктерін  қайта тәрбиелеп, ислам әлеміне орасан үлес қосатын жаңа кезеңге аяқ басуы тиіс", — деді Нұр-Мүбарак университетінің  ректоры профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди мырза  Дайындық курстарының ұстаздарына.

Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде Алматы, Талғар, Бақанас, Шымкент, Ақтөбе қалаларындағы  оқу орнының Дайындық курстары  ұстаздарына арналған семинар басталған болатын. Негізгі мақсат, университетке оқуға ынталы шәкірт-талапкерлерді барынша  тиімді әрі пайдалы тәсілмен білімдерін шыңдап, болашақ мықты маманның іргетасын қалыптастыру. Ал оның бірден бір жолы араб тілін дұрыс меңгеру. Араб тілі – мәдениет пен өркениет тілі ғана емес, тарихты зерттеуде таптырмас мүмкіндік көзі болғандықтан, ректор, профессор Мухаммад әл-Жинди тілді меңгеруге қатысты маңызды мәселелерді де жан-жақты түсіндіріп өтті.

Шәкірттердің дұрыс біліммен қарулануы үшін іргетасы да мықты қалануы шарт екендігі түсіндіріліп, үш күн бойы Дайындық курсының ұстаздары Нұр-Мүбарак университетінің ғалымдарынан барынша дәріс тыңдап, маңызды мағлұматтармен таныспақ.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары