Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Семейде өткен спорттық шара
11 маусым, 2019 жыл 5 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қала мешіттері жамағаты арасындағы бірлікті, бауырмашылдық пен салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау мақсатында спорттық ойындарынан турнир өтті.

Іс-шараның ашылуына қатысқан ҚМДБ Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы.

«Ислам дінінде денсаулыққа көңіл бөлініп, салауатты өмірдің маңызы өте жоғары бағаланады. Жастық шақтағы қадірі білінбес уақыт пен денсаулықты бағалауға бағытталған іс-шараның берері зор», - дей келіп, спорттық додаға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс ережесі бойынша, 16-35 жас аралығындағы 5 адамнан құралған мешіт командалары «Футбол», «Арқан тарту», «Гір тасын көтеру», «Қой көтеру» аталымдар бойынша сайысқа түсті. Әділ қазылардың ортақ ұйғарымымен үздік деп танылған командалар жүлделі орындармен марапатталды.

 

Сондай-ақ, спорттық ойындар сайысында жақсы ойын үлгісін көрсеткен бірқатар үздік ойыншылар жеке-жеке марапатталды. Жарысқа қатысып, белсенділік танытқан өзге топтарға арнайы сый-сияпаттар табыс етілді.

Байрақты бәсеке Семей қаласындағы Турист қонақ үйінің жанындағы спорт алаңында өтті.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары