Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады: Тоқаев 70,76 процент дауыс алды
10 маусым, 2019 жыл 85 Басып шығару нұсқасы

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылдың 9 маусымында өткен кезектен тыс президенттік сайлауда кандидаттарға сайлаушылардың қанша дауыс бергендігін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазақстан Республикасы бойынша Жамбыл Ахметбеков 167 249  дауыс немесе сайлаушылардың 1,83 процент дауысын, Дания Еспаева 478 153  дауыс немесе сайлаушылардың 5,2 процент дауысын, Әміржан Қосанов 1 472 733 дауыс немесе  сайлаушылардың 16,02 процент дауысын, Төлеутай Рахымбеков 294 271 дауыс немесе 3,2 процент дауысын, Амангелді Таспихов 190 304 дауыс немесе сайлаушылардың 2,07 процент дауысын, Қасым-Жомарт Тоқаев 6 504 054 немесе сайлаушылардың 70,76 процент дауысын, Сәді-Бек Түгел 84 348 дауыс немесе сайлаушылардың 0,92 процент дауысын  жинады", - деді ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.




Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары