Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БҚО: Балалар қуанған күн
07 маусым, 2019 жыл 101 Басып шығару нұсқасы

Айттың бірінші күні «Тәжиден Батырұлы» мешітінің ұйымдастыруымен жасөспірім балаларға айттық көңіл күй сыйлау мақсатында "Екі жұлдыз" мейрамханасында дастархан жайылды.

Салтанатты шараға аз қамтылған отбасылардың және мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты.

Кездесуде сөз алған "Тәжиден Батырұлы" мешітінің наиб имамы Наурыз Ибатов: "Айт мейрамында ата-аналарымыздың, науқастардың, туған-туыстардың хал-жағдайын сұрап бару – үлкен сауап iс. Алла Тағала қасиеттi Құранда: "Аллаға сыйыныңдар, оған ештеңенi теңестiрмеңдер, ата-аналарыңа, туыс-туғандарыңа, жақын көршi (дiндегi туыстығы бар көршi), бөгде көршiге (жай ғана көршi), жан жолдастарыңа (бiрге жұмыс iстейтiндеріңе), мүсәпiрге, қол астыңдағыларға жақсылық жасаңдар", – деп балаларды айтпен құттықтап, сыйлықтарын табыстады.

Шара барысында анимациялық киімдер киген актерлер концерттік бағдарлама ұсынып, балаларды қызыққа бөлеп, қуанышты көңіл-күй сыйлады.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары