Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Атыраудың бас мешітінде жеті мыңнан астам жамағат айт намазын оқыды
05 маусым, 2019 жыл 94 Басып шығару нұсқасы

Бүгін елімізде қасиетті Ораза Айт басталды. Атырау халқы ақ таңды Ораза айт намазымен қарсы алды. 

Орталық «Иманғали» мешітінде оқылған Ораза Айт намазын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұров жүргізді. Осылайша, жеті мыңнан астам жамағат бір мезгілде имамға ұйып, құлшылық жасады.

«Күллі мұсылман қауымы отыз күн оразадан кейін шәууәл айының бірінші күнінде Ораза айт мерекесін тойлайды. Айлардың төресі, барша мұсылман баласы үшін қасиетті  Рамазан айы қайырымдылық, құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік айы болса, Ораза айт осы айдың шүкіршілігі ретінде өткізілетін, екі ұлық мерекенің бірі» дейді Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров.

Бұл мереке бүлдіршіндер үшін тіптен ерекше жағдай жасап жатыр. Мешіт ауласына балалар үшін батут, екі бірдей карусель орнатылды. Бұдан бөлек, бүлдіршіндерге таң ертеңгісімен екі мың балмұздақ таратылды.

Сонымен бірге, мешіттің ерлер жамағаты арасында кір тасын көтеру, қол күрес, қазақша күрес спорттық ойындары бойынша жарыс өтіп, жеңімпаздар марапатталды.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары