Рамазан айының құрметіне орай Сырым мешітінің бас имамы Алишер Ералиев бастамасымен әлеуметтік жағдайы төмен 25 жанұяға азық-түлікті үлестірді.
«Қайырымдылық керуені» акция аясындағы игі шара мешітте ұйымдастырылды. Халық арасындағы көмекке мұқтаж жанұялар арнайы шақырылып, азық-түліктері қолдарына табысталса, кейбір отбасылардың үйлеріне жеткізіліп берді.
"Қайырымдылық тек рамазан айында міндет емес. Жақсылық жасау, қайырымды болу- мұсылманның өмірлік міндеті. Біздің аудандағы тұрмысы нашар әр жанұяға көмектескіміз келеді",-дейді бас имам.
Пікірлер