Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Атырау: Бүлдіршіндер арасындағы Құран жарысы өз мәресіне жетті
04 маусым, 2019 жыл 127 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте бүлдіршіндер арасындағы Құран жарысы өтіп, өз мәресіне жетті.

Қасиетті айдың соңғы күндерінде ұйымдастырылған сайыс негізінен Атырау қаласы аумағын қамтыды. Барлығы алпыс бала тіркелген сайыста үміткерлер үш номинация бойынша бақ сынасты.

Отыз пара бойынша Құран жарысында Д. Ринатұлы топ жарды. Бірінші орынды иеленген бүлдіршінге 100 мың теңге көлеміндегі сыйақы тапсырылды. Екінші орын және 75 мың теңге көлеміндегі сыйақы Р. Аманжолұлына бұйырды. А. Даниярұлы үшінші орынды және 50 мың теңге көлеміндегі сыйақыны иеленді. "Дұха" мен "Нәс" сүрелері бойынша бірінші орын М. Мұхтарұлына бұйырды. Осылайша, жүлдегерге 75 мың теңге көлеміндегі сыйақы тапсырылды. А. Серікұлы мен А. Қадырбекұлы екінші және үшінші орындарды өзара бөлісіп, 50 мың теңге және 30 мың теңге көлеміндегі сыйақыны алды.

Құранды мәнерлеп, көркем оқу номинациясында ылғи қыз балалар жоғары деңгейден көрінді. А. Қасымқызы бірінші орынға лайық деп танылды. Осылайша, оған 50 мың теңге көлеміндегі сыйақы тапсырылды. Ж. Аманқызы мен З. Қалыбекқызы екінші және үшінші орындарды иемденді. Бұл жүлдегерлерге 30 мың және 20 мың теңге көлеміндегі сыйақы берілді.  Бұдан бөлек, ынталандыру сыйлығы есебінде он бір үміткерге велосипед таратылды. Және жарысқа қатысқан өзге де бүлдіршіндерге самокат сыйға берілді. 

"Жүлденің жалпы қоры 1 миллион теңге құрады. Бұл жерде атсалысып отырған демеушімізге алғысымыз шексіз. Жарыстың мақсаты - қасиетті Рамазан айында жас буынды Құранға баулу, рухани тәрбие беру. Сайысқа қатысу арқылы, бүлдіршіндеріміздің жүрегінен Құранға деген махаббатты оята алдық деп сенеміз",- дейді Атырау қаласы, Жұлдыз едімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.

Айта кетелік, бүлдіршіндер арасында өткен рухани бәйгеге орталық "Иманғали" мешітінің бірінші наиб имамы Мұрат Мұстафаев, орталық мешіттің ұстаздары Хусейн Кая және Ерболат Боханов, сондай ақ, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы қазылық етті.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары