Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ПАВЛОДАРДАҒЫ ҚАДІР ТҮНІ
01 маусым, 2019 жыл 106 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі, орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде Қадір түні жоғары деңгейде аталып өтіп, жамағатқа арналып бірнеше шаралар ұйымдастырылды.

Өңірдегі «Ертіс» телеарнасының «Руханият», қалалық«Ирбис» телеарнасының «FreshТаң» бағдарламасы және облыстық «Халық радиосының» «Таным» бағдарламаларына өкіл имам Жолдас Қоспақұлы, наиб имам Елбек Тасболатыұлы, Қабаев Қанат, Арман Наймалар қатысып қасиетті Қадір түні, оның басты ерекшелігі, дәл қай түн екендігі туралы, қандай амалдар жасау, құлшылықты қалай жасау керектігі, Рамазан айынан соңғы10 күнде иғтикаф жаса мәселесіу, Құранның 30 парасын оқып хатым жасау туралы, пітір –садақа, зекет туралы, шәууәл айында 6 күн ораза ұстау туралы тілшілердің және көрермен, тыңдармандардың сұрақтарына тікелй жауаптар берді. Сонымен қатар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің «Имандылық» бетінде Қадір түні туралы арнайы сұхбаттар мен мақалалар орын тапты. Ал қалалық барлық мешіттердің ауласында «Әйел -қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық жәрмеңкесі» екінті намазынан таң намазына дейін жалғасып, олар өздерінің қолымен жәрмеңкеге арнайы дайындап әкелген әртүрлі тағамдар мен киімдер, қол өнер бұйымдары сатса, «Қайырымдылық кітап жәрмеңкесі» де сауда көрігін қыздырды, Олар түскен таза пайдасын «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің қажетіне үлес қоспақ. Бұл шаралардың ретті де тәртіппен өтуіне әр мешіттің «Жастар ісі секторы» жасақтаған «Еріктілер» командасы аса көп еңбек сіңіргенін айта кету керек.

Ал кешкі тарауық намзы уақытында қаладағы барлық мешіттің іші-сырты, ауласы ине шаншап орын қалмай лық толды. Тарауық намазы оқылып, Хатым дұғасы жасалынды.

Өкіл имам Жолдас Қоспақұлы қари ұстаз Манас Айдарұлына жамағат алдында алғысын білдірді.

Сонымен қатар, осы күні жамағатқа бірнеше уағыздар айтылып, құлшылық маңыздылығы түсіндіріліп, Қадір түнінің ерекшеліктері мен артықшылықтары насихатталды.

Қадір түнінде мешітке жиналған халық санында шек болмады. Жамағатты сергіту, олардың діни іліміне шыңдау жүргізу мақсатында арнайы викториналық сұрақтар ойыны өткізіліп, жауап берген жамағатқа бағалы сыйлықтар табысталды.

Әйел адамдар мен ер азаматтар арасында өткізілген ойынға жамағат аса қызығушылықпен белсене қатысты.

Қадір түні аясында жамағатқа арнайы сәресі ұйымдастырылып, көпшілік ризашылығын білдірді. «Мәшһүр Жүсіп» мешітіне тола

жиналған жамағат таң намазын өтеп, құлшылық дұғасын асықпай жасап таң рауандап атқан кезде ғана тарқасты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары