Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Бас мүфти: Құдайшыл болыңдар, рамазаншыл ғана болып қалмаңдар
31 мамыр, 2019 жыл 165 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Елордадағы «Нұр Астана» мешітінде жұма уағызын айтты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Рамазан айының  27-күніне тура келген жұма уағызында Бас мүфти жиналған жамағатты келе жатқан Қадыр түнімен құттықтады. Сонымен бірге, «Қуғын сүргін құрбандарын еске алу» күні жайлы тоқталып, зұлмат күндерде бақилық болған бабаларымызға Алладан кеңшілік, рақым тіледі.

«Бір ғана кеште Алла Тағала көп нығметтер берген. Ғалымдар «қадыр» сөзінің мағынасы жайында мәшһүр ғалым, муфассир Ибн Кәсир былай дейді; «Қадыр» сөзі «үкім» деген мағынада келеді. Ал, «қадыр түні» деген «үкім түні» деген мағынаны береді. Демек, Алла Тағала тағдырды үкім ететін түн екенін білуге болады» дейді. Қатада деген әйгілі ғалым: «Бұл түні келесі жыл істерінің тағдыры жазылады» дейді.
Сондықтан «қадыр» сөзі «абырой», «бедел» дегенді білдіреді.  Аятта бұл түнді: «لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْر» яғни, «Қадір түні игілікте мың айдан артық» деп сипаттайды.  Осы түнде Алла Тағаланың әміріменен періштерлер жерге түсіп, адамзаттың жақсы амалдарын жазады, адамдардың ісін бақылайды.  Бір кеште соншама көп ниет, тілектердің тоқтаусыз қабыл болатындығы үшін де «абыройлы түн», «беделді түн» деген мағынада «қадыр түні» деп айтады. Демек, Алла Тағала бұл түнді барлық түннен ұлық етіп жаратқан. Бұл сипаттар Қадыр түнінің сауабы мен артықшылығы соншалық мол екенін түсіндіреді», - деді Бас мүфти.

Серікбай қажы Ораз қадыр түнінің сипаттары, пайдасы мен артықшылығы, бұл түні істелуі тиіс амалдар жайында да тоқталып өтті.

Рамазан айының аяқталып қалғанын еске сала отырып ел азаматтарына пайдалы мынадай бір насихат айтты: 

Ғалымдардан «Құдайшыл болыңдар, рамазаншыл ғана болып қалмаңдар» деген қанатты сөз бар. Яғни, «жыл он екі ай жақсылық жасаушы болыңдар, бір ай ғана жақсылық жасаушы болып қалмаңдар. Жыл он екі ай пайдалы мұсылман болыңдар, бір ай ерекше жақсы көрініп ғана қоймаңдар» деген сөз. Шын мәнінде, Рамазанда бір ай бойы тақуалықта болып, қалған айларда пендешілікте, ғапылдықта, ағаттық пен қателікте өткізіп жіберуге болмайды. Құдайға сүйікті істі жыл он екі ай жалғастыру керек.

Сонымен бірге, аталған түннің адамзатқа тигізер рухани және қоғамдық маңызына тоқталып, жұма намазына жиналған жамағатты бұл түнді ғанибет білуге насихаттады.


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары