Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алматы: «Мырзахмет» мешітінде 150 отбасыға қайырымдылық жасалды
31 мамыр, 2019 жыл 129 Басып шығару нұсқасы

Бүгін, Алматы қаласының Алатау ауданына қарасты «Мырзахмет» мешітінде, қасиетті рамазан айының құрметіне, 150 отбасыға жомарт жандардың атынан тегін азық-түлік таратылды. Қайрымдылық шарасын «Мырзахмет» мешітінің бас имамы Абдраманов Ержан сөз сөйлеп, азық-түлік сөмкесін үлестірді.

Атаулы шараға арнайы ат басын бұрған Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамы Жорабай Дулатбаев ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет пен Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек Шоқайдың сәлемін жеткізіп, қасиетті рамазан айымен құттықтады. Сондай-ақ, қайырымдылық айында жасалып жатқан істерге оң баға беріп, игілікті іске атсалысқан барша азаматтарға ризашылық білдірді.

Алатау ауданының бас имамы Дәуренбеков Орынбасар аудан мешіттерінің бас имамдарына «Жаңақорған» шипажайына тегін жолдамалар табыстады.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары