Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Нұр-Сұлтан: «Қайырымды шаңырақ» марафоны жалғасуда
28 мамыр, 2019 жыл 116 Басып шығару нұсқасы

«Нұр Астана» мешітінде «Қайырымды шаңырақ» атты отбасылар арасындағы марафон аясында тағы да 30 отбасы 30 отбасына көмек көрсетті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Халқымыздың арасындағы береке-бірлікті арттыруға қарлығаш қанатымен су сепкендей болса да өз үлесін қосуды ойлаған мешіт ұжымы Қасиетті Рамазан айына орай «Қайырымды шаңырақ» атты отбасылық марафон бастаған болатын. Өткен аптада істің бастауы есебінде 30 шаңырақтың көмегі келесі 30 шаңыраққа жеткізілген еді. Ұрпаққа үлгі көрсетіп, әрбір отбасына жылу мен мейірімділік жеткізу мақсатында атқарылып отырған іс-шара бүгін де өз жалғасын тапты. Мешітке жиналған 30 отбасының мүшелері мешіт қызметкерлерімен бірге жамағаттың көзінше мүмкіндігі шектеулі, көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан 30 шаңыраққа азық-түлік үлестіріп, қолдан келгенінше көмектерін көрсетті. Іс-шараға қатысқан «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов, наиб имамдар Руслан Байзақов, Нариман Исенов пен мешіт жамағаты қатысты.  

Естеріңізге сала кетейік, Елордада орналасқан «Нұр Астана» мешіті «Қайырымды шаңырақ» атты отбасылар арасындағы марафон жариялаған болатын. Марафон аясында бір шаңырақ астында тұрып жатқан бір үйлі жан атсалысып, келесі бір мұқтаждығы бар отбасына көмек қолын созады. Ауқымды қайырымдылық шарасы Рамазан айы бойы өз жалғасын табады деп күтілуде.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары