Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАҚ өкілдері Бас мешіттегі ауызашарда бас қосты (ФОТО)
28 мамыр, 2019 жыл 97 Басып шығару нұсқасы

Кеше республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Елордамыздағы журналистер қауымы қонақта болып, «Берекелі Рамазан» дастарханынан ауыз ашты.  Қазақ баспасөзінің қарымын күшейтіп, қаламды қару еткен түрлі телеарналар мен газет-журнал, сайт тілшілері бір дастархан басында бас қосып, тағылымды отырыс өткізді. Көбіне түсірілім барысында ғана жолдары түйісетін тілшілер қауымы үшін мешіттегі ауызашардың орны бөлек болғандай. «Әзірет Сұлтан» мешітінің конференц залына біртіндеп жиылған журналистердің ауызашар алдындағы жылы жүздесулері мен достық сұхбаттары, дастархан басындағы бір атаның баласындай жақындық пен ортақ пікірлер үндестігі осыны аңғартқандай.

Етене әріптестерімен емен-жарқын сұхбаттасып, бір жасап қалған журналистер үшін мешіт имамының уағызы да шөл қандырар рухани сусын болды. Құтты қонақтармен бірге Рамазанның 23-ші күніне аяқ басқан «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев отырыс барысында ұлық айдың қадір-қасиеті жайында тағылымды уағыз айтып, тілшілер қауымын тың ойларға жетелей түсті. Құран қиссаларынан мысал келтіре келіп, тілшілер қауымы үшін артылар салмақтың да, жүктелер міндеттің де қай заманда орасан екенін әсерлі жеткізді. Сондай-ақ, қолымыздағы нығметтің қадірін түсініп, бағасын білуге үндеген Бақытжан имамның бұл уағызы да журналистер үшін тағылымға толы болды.

Берекелі отырыс барысында Бас редакторлар клубының президенті Кенжеболат Жолдыбай ағамыз да көпшілікке ғибратты әңгіме айтып, отырыс сәнін арттыра түсті. Бүгінгі осындай тағылымды басқосуға ұйытқы болуға республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне ризашылығын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары